Қазақстан жаңалықтары27 желтоқсан 2023, 21:41

Үш облыста республикалық жолдардың 4 учаскесі жабылды

Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облысында — 1 учаске
1.«Самара-Шымкент» автожолында 844-965 км, «Аманат» кемпингінен — Қарабұтақ ауылына дейін. — 121 км.

Алматы облысында — 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 59-143 км, Жаңақұрылыс ауылынан — Жамбыл облысының шекарасына дейін — 84 км.

Жамбыл облысында — 2 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 159-238 км. Кенен ауылынан — Қайнар ауылына дейін — 79 км.
2.«Алматы-Ташкент-Термез» автожолында 143-214 км, Алматы облысының шекарасынан — Қордай ауылына дейін — 71 км.

«Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс). Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 272 техника жұмыс істеп жатыр», — деп жазды жауапты мекеме.

жолдар жабылды ескерту Ауа райы

Тақырыпқа жаңалықтар