Қазақстан жаңалықтары5 қазан 2023, 8:00

Ұялы телефонды арзанға аламыз деп алаяққа алданып қалған

Өскеменде бес адам айфонның соңғы үлгісін арзанға сатып аламыз деп алаяққа алданып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өскемен прокуратурасы хабарлауыынша, Instagram-да интернет-дүкен парақшасы ретінде жасалған аккаунтта жаңа Iphone 15 PRO арзанға сатылатыны жазылған. сеніп қалған азамат қашықтан төлем жасап, 650 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң, сатушы аккаунт пен ұялы телефон нөмірін бұғаттап жоғалып кеткен. 

Тағы төрт адам тап солай алданған. Олар 600-700 мың теңгеден төлеген.

Қазір алаяқты іздеп жатыр. 

«Интернет-алаяқтық саны жыл сайын өсіп келеді. Әккі қылмыскерлер де бар. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс бойынша жыл бойы 131 эпизодпен 17 алаяқ әшкереленді», - делінген ақпаратта.

Өскемен Iphone 15 PRO алаяқ Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар