Қазақстан жаңалықтары11 сәуір 2024, 12:00

Зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Өскеменде зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ер адам немересіне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жараланған 7 жасар бала сол жерде көз жұмған. ШҚО ПД оқиғаның болғанын растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталуда», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Өскемен немересін өлтірді

Тақырыпқа жаңалықтар