жексенбі, 10 қараша, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 10)
Қазақстан жаңалықтары
Ташкентке емделуге баратын бүлдіршіннің 90% Қазақстаннан барады
Елімізде балалар денсаулығына қатысты елде үлкен проблема бар. Ташкенттегі клиникаларға емделуге келетін бүлдіршіндердің 90% Қазақстаннан. Көрші елдің дәрігерлері осындай деректі жария етті. Елімізде аутизмге шалдыққандар саны соңғы бес жылда бес есе өскен. Осы нөпір көрші елге ағылатын болса керек. Мұның себебі неде? Бұл туралы Jibek Joly арнасының жаңалықтарында айтылды. 
Қазақстан жаңалықтары
Енді псориазды инновациялық емдеу тегін жүргізіледі
Халықаралық псориаз қауымдастықтары Федерациясының (IFPA) бастамасымен 29 қазанда Дүниежүзілік псориаз күні атап өтіледі. Ол псориазбен ауыратын пациенттерді қолдауға және бұл ауру туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Бүгінде елімізде өңірлік дерматовенерологиялық қызметтердің мәліметтеріне сәйкес «псориаз» диагнозы қойылған 6925 науқас ресми тіркелген. Олардың шамамен 30%-ы аурудың орташа және орташа ауыр түрлерімен ауырады. Дерматологтардың айтуынша, псориаз кез-келген жаста, соның ішінде балаларда да болуы мүмкін. Онымен әйелдер де, ерлер де бірдей ауырады. Аурудың себептерінің бірі - генетикалық бейімділік. Псориазды толығымен емдеу мүмкін емес, бірақ уақтылы және дұрыс таңдалған терапия оны бақылауға алып, тұрақты ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан жаңалықтары
Жезді ауылы шенеуніктердің салғырттығынан су астында қалған
Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасы басшысының өкілетті қызметін тексеру барысында заңсыздыққа жол бергенін анықтады. Тергеу барысында «Жезді өзенін санациялау» жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегені белгілі болды. Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісін тексермей-ақ техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген. 
Қазақстан жаңалықтары
«Орта табыс тұзағынан» қалай шығамыз?
Бұл мәселе соңғы 20 жылда дамушы елдердің экономикалық эволюциясы туралы пікірталастың ең танымал тақырыбына айналды. Табысың аштан өлтірмейді, бірақ одан әрі жағдайыңды көтеруге мұршаң жоқ. Орта табыс тұзағына шырмалып жүрген экономикалық белсенді азамат зейнетке шыққанда табысы ортадан төмен кедей топтың қатарын толықтырады. «Орта табыс тұзағынан» шығу қажеттілігі №1 стратегиялық міндет ретінде қарастырылған. 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының өзегі де осы бағыт. 
Қазақстан жаңалықтары
Елордада III халықаралық «ТЕАТР АLL» фестивалі өтті
Дәстүрлі өнер мерекесі биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», «Фариза», «Бопай ханым», «Сарра» шығармаларын арқау етті. Бүгінде Роза Мұқановадай театр үшін өндіртіп жазған қаламгерлер некен-саяқ. Ол театр қоржынын небір тағылымды туындыларымен байытқан қуатты қалам иесі. 
Қазақстан жаңалықтары
Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындап, өнер әлеміндегі бұл ерекше жарқын оқиға Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді, деп жазды Астана әкімдігі. Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті. 
Қазақстан жаңалықтары
Ауылдарға бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі
Ауылдарға бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған. «Ауылдарды дамыту саласындағы мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірудің тиімділігін арттыру мақсатында Үкімет 2023-2024 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ол Ұлттық экономика министрлігінің үйлестіруімен іске асырылуда. Тұжырымдаманы іске асыру үшін нақты мерзімдер, орындаушылар және тағы басқалары айқындалып, 56 іс-шараны іске асыруды көздейтін Іс-қимыл жоспары әзірленді. Осылайша, тұжырымдаманы іске асыру аясында Үкімет орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту және оларды одан әрі дамыту жөніндегі тәсілдерді әзірлеу бөлігіндегі қызметін үйлестіреді», - деді Үкімет басшысы. 
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам тұрады
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады. Ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жастар.  ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың тоғыз айына квота шеңберінде мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.