Жезді ауылы шенеуніктердің салғырттығынан су астында қалған
Фото: kz.kursiv.media
kz.kursiv.media
Қазақстан жаңалықтары31 қазан 2024, 14:00

Жезді ауылы шенеуніктердің салғырттығынан су астында қалған

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасы басшысының өкілетті қызметін тексеру барысында заңсыздыққа жол бергенін анықтады. Тергеу барысында «Жезді өзенін санациялау» жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмегені белгілі болды. Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісін тексермей-ақ техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жезді өзенін санациялау» жобасында құрылыс нормалары бұзылып, жобалау талаптары ескерілмеген. Бұл олқылықтар өзен арнасының су көлемін өткізу қабілетін азайтқан.

Шенеуніктердің осындай қылмыстық әрекетінің салдарынан көктемгі су тасқыны кезінде Жезді ауылындағы 10 жеке тұрын үй су астында қалған. Сол кезеңде ауылдың 108 адамын, оның ішінде 56 баланы эвакуациялауға тура келген.

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық істің сотқа жолданғанын хабарлады.

 

Жезді ауылы шенеуніктер салғырттық

Тақырыпқа жаңалықтар