13 жасар бала әлемде бірінші болып Тетристің соңына дейін жетті

4 қаңтар 2024 12:38 / Мир

Америкалық мектеп оқушысы инженер Алексей Пожитнов ойлап тапқаннан кейін 40 жыл өткенде әйгілі кеңестік «Тетрис» бейнеойынының соңғы деңгейін аяқтаған тарихтағы бірінші адам болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ВВС жаңалықтары жария етті. 

Оклахома штатының 13 жасар тұрғыны Уиллис Гибсон өзінің YouTube арнасында ойынның 157-деңгейіне өткен сәтін жариялады, онда ойын экраны қатып қалған.

157-деңгейге жету үшін Уиллиске небәрі 38 минут қажет болды, бұл — блоктар енді құламайтын және экран қатып қалатын соңғы деңгей.

Серіктес жаңалықтары