3 минут ішінде музейдегі миллиондаған еуро тұратын туындылар ұрланды
30 наурыз 2026 20:37 / Мир
Танымал суретшілердің бірнеше миллион еуро тұратын құнды картиналары ұрланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл картиналар Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Маньяни-Рокка қорынан ұрланған.
Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Magnani Rocca Foundation жеке галереясынан Пьер Огюст Ренуар, Анри Матисс және Поль Сезанн салған үш түпнұсқа картина ұрланды. Олардың жалпы құны бірнеше миллион еуроны құрайды.
Ұрлық 22-сінен 23 наурызға қараған түні болған. Қаскөйлер төрт картинаны алып кетпек болған. Бірақ біреуін оқиға орнында қалдырып кеткен. Ұрланған туындылар — 1917 жылғы «Балықтар» (Ренуар), 1890 жылғы «Шие қосылған натюрморт» (Сезанн) және 1922 жылғы «Террасадағы одалиска» (Матисс).
26 маусым 2026 18:18 / Мир
Экс-президенттің жұбайы 7 жылға сотталды
24 маусым 2026 9:33 / Мир
Ким Чен Ын өзіне қол жұмсағандарды өлім жазасына кеспек
22 маусым 2026 18:21 / Мир
Трамптың қоқан-лоққысынан шаршаған Тегеран наразылық білдірді
19 маусым 2026 14:07 / Мир
Ормуз бұғазы арқылы алғашқы танкерлер өте бастады
18 маусым 2026 16:34 / Мир
Жолаушылар ұшағы тас жолға құлап, өртеніп кетті
18 маусым 2026 12:37 / Мир