“90 адам”: Дәрігер науқастарға қауіпті екпе егіп әдейі өлтіріп келген

17 сәуір 2025 12:08 / Мир

Германияда денсаулық сақтау саласындағы атышулы іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, дәрігер ауруханадағы науқастарға медициналық айғақтарсыз және олардың келісімінсіз әр түрлі дәрі-дәрмектердің өлімге әкелетін қоспасын еккен. Нәтижесінде 12 әйел мен 3 ер адам ажал құшты. Олардың ең жасы 25-те болса, ең үлкені 94 жастағы әйел болған. Айыптау 2021 жылдың 22 қыркүйегі мен 2024 жылдың 24 шілдесі аралығында 15 эпизодты қамтиды. Қамауда отырған дәрігер Берлинде кем дегенде 15 адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Берлин прокуратурасы 16 сәуір, сәрсенбіде 40 жастағы дәрігерге тағы 75 эпизод бойынша тергеуді жалғастыру керегін мәлімдеді.

Тергеу барысында мәйіттер қазылып, сот-медициналық сараптамалар жүргізілді. Бастапқыда құрбандар саны алдымен 8-ге, содан кейін 9-ға дейін және қазір 15-ке өсті.

Тергеушілер тағы 75 мәйітті тексеріп жатыр. Осы іс бойынша Берлиннің қылмыстық істер жөніндегі ведомствосында арнайы бөлім құрылды. Тергеушілер жүздеген медициналық құжаттарды талдады.

 

Серіктес жаңалықтары