Алексей Навальныйдың денесін ата-анасына үш күннен бері бермей жатыр

20 ақпан 2024 2:53 / Мир

Алексей Навальныйдың анасы мен адвокаттарын Салерхардтың мәйітханасына кіргізбеді. Саясаткердің мәйіті сонда апарылған деген болжам бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Адвокаттардың бірін сыртқа шығарып жіберді. Алексейдің мәйіті бар ма деген сұраққа қызметкерлер жауап бермейді», - деп жазды Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш.

Тергеу комитеті Алексей Навальныйдың өлімінің мән-жайын тексеру ұзартылғанын хабарлады.

Ярмыш Тергеу комитеті осылайша «өтірік айтады, уақытты кідіртеді және тіпті жасырмайды» деп санайды.

Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге мәйітті туыстарына беру мәселесімен Кремль айналыспайтынын жеткізді.

Сонымен бірге, Песков Батыс көшбасшыларының "Алексей Навальныйдың өліміне Владимир Путин тікелей жауапты" деген мәлімдемелерін мүлдем қабылдамайды деп атады.

 

Серіктес жаңалықтары