АҚШ Конгресі ғимараттарының біріне шерушілер кіріп кетті

19 қазан 2023 8:42 / Мир

АҚШ Конгресі ғимараттарының біріне шерушілер кіріп кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Вашингтондағы Капитолий төбесіндегі АҚШ конгресі ғимараттарының бірі — Кэннон ғимаратына кем дегенде жүз наразылық білдіруші кіріп кеткен.

Шерушілер Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды. Олар полицияның талабына қарамастан, ғимараттан шығудан бас тартты, нәтижесінде оларды қамауға алумен тынды. 

Палестинаны қолдайтын демонстрацияны «Бейбітшілік үшін еврей үні» ұйымы өткізді: оның мүшелері өзін антисионистік еврейлер деп атайды.

Қэнон ғимаратындағы наразылық білдірушілер «Біздің атымыздан емес» және «Еврейлер қазір атысты тоқтатуды талап етеді» деген жазуы бар футболка киіп алған екен.

Республикалық конгрессмен Брэндон Уильямс шерушілерге Израиль туын алып шықты. 

Полицияның хабарлауынша, ұсталған үш белсендіге полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген айып тағылды.

BBC тілшісінің хабарлауынша, полиция бірнеше ондаған шерушіні ұстаған.

Автор
Серіктес жаңалықтары