АҚШ Мәскеудегі полиция қызметкеріне қарсы санкция салды
АҚШ Мәскеудегі соғысқа қарсы митингіде тұтқындарды азаптаған полиция қызметкеріне қарсы санкция салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Полиция қызметкері Иван Рябов шерулер кезінде адам құқығын бұзғаны үшін АҚШ-тың санкция тізіміне енді.
Бұл есім 2022 жылдың наурызында соғысқа қарсы митингіде ұсталған демонстранттарды ұрып-соғып, азаптаған Мәскеудегі Братеево полиция бөлімшесі полицейінің бұрын анықталған атымен сәйкес келеді.
Братеево полиция бөлімшесіне түскен бірнеше қыз Рябовтың азаптауы туралы жариялаған еді.
Олар сол полицейдің ұрып-соққанын, тұншықтырғанын, су құйып, өліммен қорқытқанын ашық айтқан.
Олардың бірі полицейлердің қоқан-лоққысын дыбыс жазу құрылғысына жазып алған.
Рябов қамауға алынғандардың ешқайсысына өзін таныстырмаған, дегенмен оның есімі кейінірек "Яндекс Фуд" сервисінің тұтынушылар базасын пайдалану арқылы табылған.
Жәбірленушілердің шағымдарына қарамастан, ол Ресей Федерациясында ешқандай жаза арқаламаған.