БАҚ: Ресей түрмесінде АҚШ азаматын азаптаған
Ресей түрмесінде АҚШ азаматын азаптаған. Мәскеу соты «жалдамалылық» бабы бойынша жалпы режимдегі колонияға алты жыл 10 айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен 72 жастағы Стивен Хаббард Ресей түрмесінде үнемі қатыгездікке ұшыраған. Бұл туралы AFP агенттігіне Хаббардтың бұрынғы камераластарының бірі, мамыр айында алмасу кезінде босатылған украиналық әскери тұтқын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украин сарбазының айтуынша, түрме күзетшілері Хаббардты «таяқпен, сойылмен және тепкілеп, ұрып-соғып, америкалық зейнеткерге иттерді айтақтап, аштыққа ұшыратып, дәлізде еңбектеп жүруге мәжбүрлеген.
Агенттік сұхбатшысы мұндай әрекетке сақшылардың АҚШ-ты жек көруі себеп деп есептейді.
Ресейлік тергеудің мәліметінше, Стивен Хаббард 2014 жылдан бері Украинада тұрып, Изюм қаласының аумақтық қорғаныс батальонымен келісімшартқа отырған, оқудан өтіп, жеке атыс қаруын алған.
Ол 2022 жылдың сәуір айына дейін Украина қарулы күштері қатарында соғысып, Ресейдің тұтқынында болған.