Берлинде Навальный көшесі пайда болуы мүмкін
Берлинде Ресей Бас консулдығының жанындағы учаскені Навальный көшесі деп атауды ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей Бас консулдығының кіреберісі мен ресейлік дипломаттардың тұрғын үйлері орналасқан Беренштрассе учаскесінің атын осылай өзгерткісі келеді.
Бірнеше сағаттың ішінде атын өзгерту туралы петицияға 12 мыңнан астам адам қол қойып, қол жинау жалғасуда.
Олардың қатарында Людмила Улицкая, Ольга Романова, Леонид Гозман, Владимир Каминер, «Мемориалдың» неміс филиалы және басқа да бірқатар тұлғалар мен ұйымдар бар.
«Біз заң бойынша талап етілетін бес жылды күтпестен, дүниежүзіндегі мыңдаған басқа саяси тұтқындардың тағдырына назар аудару үшін, олардың өмірін сақтап қалу үшін, көшенің атауын қазір өзгертуге шақырамыз», - делінген мәтінде.