Борис Бондарев: Ресейге қарсы санкциялар нәтижесін неге бермей жатыр
Ресейдің БҰҰ жанындағы Женевадағы тұрақты өкілдігінің бұрынғы кеңесшісі Борис Бондаревтің мәлімдеуінше, Ресейге қарсы санкциялар жақсы нәтиже бермей жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы неміс n-tv медиа компаниясының сайтында жарияланды.
Оның айтуынша, Еуроодақ үйлесімсіз әрекет етуде – бір жағынан олар Ресей Федерациясының қарапайым азаматтарына қатысты шараларды күшейтіп жатыр, олардың арасында Путин режиміне наразылар да болуы мүмкін. Екінші жағынан, бұл режимді нығайтуға көмектескен олигархтарға, атап айтқанда, Александр Шульгинге, Фархад Ахмедовке және Григорий Березкинге қарсы санкциялар алынып жатыр.
Ресей экономикасы санкциялардан зардап шегіп жатса да, «өнеркәсіп тетіктерді, әсіресе қару-жарақ өндіруге арналған бөлшектерді сатып алудың жолын тауып жатыр. Соның нәтижесінде әскери техника өндірісі артып келеді деуге негіз бар, деп жазады Бондарев.
Сонымен бірге Еуропа ресейлік шикізатты сатып алуды жалғастыруда, осылайша Путиннің соғыс машинасының ақысын төлеп отыр, - деп атап өтті экс-дипломат.