Дағыстандағы шабуыл. Соңғы жаңалықтар
Автоматпен қаруланған белгісіз біреулер Дербенттегі православие шіркеуі мен синагогаға, сондай-ақ Махачкалада жол полициясы бекеті мен шіркеуге шабуыл жасады. Шабуыл бойынша Ресей Федерациясының Тергеу комитеті теракт бойынша қылмыстық іс қозғады. Дағыстанда лаңкестікке қарсы операция режимі жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз адам қаза тапты, оның жетеуі полиция қызметкері. 25 адам жарақат алды. Бұған қоса, содырлардың Дербенттегі православие шіркеуінің ректорын өлтіргені белгілі.
19 адам Махачкала шіркеулерінің біріне шабуыл жасағандардан пана тапты, қазір оларға қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады Дағыстанның ішкі істер министрлігі.
Махачкалада екі шабуылшы өлтірілді, деп хабарлады Дағыстан ішкі істер министрлігі. Шабуылға қатысы бар тағы екі адам қалалық жағажайда ұсталды.
Дербентте, БАҚ мәліметінше, содырлар паналаған ғимаратқа шабуыл жасалған. Қаланың орталық бөлігі электр қуатынсыз қалды. Дербент пен Махачкала көшелерінен әскери техникалар байқалды.
Бір нұсқа бойынша, шабуыл жасағандар "халықаралық террористік ұйымдармен" байланысты болуы мүмкін.
Дағыстанның Сергокалинск ауданының басшысы Магомед Омаров қызметінен кету туралы арыз жазды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылға оның екі ұлы қатысқан. Олар өлтірілді.