Жас қыз танысының пәтерінен өлі табылды

27 қараша 2026 9:25 / Мир

Сербия астанасы Белградта Ресей азаматы танысының пәтерінен өлі табылды. Марқұмның беті мен қолынан көгерген және қанталаған іздер анықталған, деп хабарлайды Arbat.Media.

BAZA басылымының мәліметінше, қыздың танысы жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол әлі де сол жерде. Марқұмның денесі сараптамаға жіберілді.

Қыздың мәйіті 25 қараша күні кешке Ресей азаматының пәтерінен табылған. Оқиға туралы полицияға жедел жәрдем қызметкерлері хабарлаған.

Кейін белгілі болғандай, қыз қайғылы оқиғадан бір күн бұрын жігіттің үйіне қонаққа келген.

Қазір Сербия прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары