Египет Газадан келген палестиналық босқындарды қабылдаудан бас тартты

19 қазан 2023 9:00 / Мир

Египет Газадан келген палестиналық босқындарды қабылдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мысыр президенті босқындарды Израиль шөліне орналастыруды ұсынды.

«Газадан адамдарды Мысырға жіберу идеясы мүмкін емес», - деді Абдель Фаттах ас-Сиси Германия канцлері Олаф Шольцпен өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда Синай түбегінің «Израильге лаңкестік әрекеттер жасау үшін жаңа базаға» айналу қаупі бар.

Эль-Сиси босқындарды орналастыру үшін Израильдің Негев шөлін пайдалануды ұсынды.

Шольц өз кезегінде Мысырдың Израиль мен Хамас лаңкестік ұйымы арасындағы қақтығысты бәсеңдетуге бағытталған талпыныстарын Германия қолдайтынын айтты.

Канцлер, сонымен қатар Газа секторының тұрғындарына жедел түрде гуманитарлық көмек көрсету қажеттігін мәлімдеді.

«Палестиналықтар Хамас емес, Хамастың палестиналықтардың атынан сөйлеуге құқығы жоқ», - деді ол.

Шольц, сонымен қатар палестиналықтардың айтуынша, жүздеген адамның өмірін қиған Газадағы ауруханадағы жарылысты мұқият тексеруге шақырды.

«Бұл оқиға ХАМАС-тың 7 қазанда жасаған жантүршігерлік лаңкестік әрекетімен Израиль азаматтарына, сонымен қатар Газа халқына үлкен қасірет әкелгенін көрсетеді», - деп қосты ол.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары