ЕО Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне аудит жүргізеді

17 қаңтар 2024 14:34 / Мир

Еуропалық Одақ Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне аудит жүргізеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Кейбір ЕО елдерінің Украинаға нақты қару-жарақ жеткізуі жарияланғанымен, оған сәйкес келмейтіні туралы мәлімдемелерінен кейін Еуропаның сыртқы әрекет қызметі әскери көмекке аудит жүргізуде.

Бұл туралы Financial Times еуропалық үш дипломатқа сілтеме жасап жазады.

Басылымның хабарлауынша, Брюссельдің аудит жүргізу талабы толық деректерді жария еткісі келмейтін кейбір елдердің қарсылығына тап болған.

Аудит нәтижесін 1 ақпанда өтетін Еуроодақ саммитіне дейін ұсыну жоспарлануда.
 
Сараптаманы өткізу туралы шешім Олаф Шольцтің «еуропалық серіктестеріміздің биыл Украинаны қолдауға қандай нақты үлес қосатыны туралы мүмкіндігінше нақты түсінік алуды» талап еткен мәлімдемесінен кейін қабылданды.

Оның пайымдауынша, қазіргі уақытта ұсыныс «бәрібір де тым аз».

Серіктес жаңалықтары