Оңтүстік Кореяда 21 жастағы қазақстандық қамауға алынды

20 қазан 2026 9:37 / Мир

Оқиға 29 шілдеде Ичхон қаласында болған. Кореялық БАҚ мәліметінше, екі жас жігіт ішінде жүргізуші мен жолаушысы бар автокөлікті қуған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар көліктің жолын бөгеп, ішіндегі адамдарға қоқан-лоқы көрсеткен. Ер адамдардың бірі секіріп келіп, көлікті тепкен. Оқиға бейнетіркегішке түсіп қалған.

Күдіктілерді табу оңайға соқпаған. Қараңғыда олардың көлігінің мемлекеттік нөмірі анық көрінбеген. Кейін мамандар нөмірдің бір бөлігін қалпына келтіріп, әлеуметтік желідегі көлік сату туралы хабарландыру арқылы күдіктілердің бірін анықтаған

Серіктес жаңалықтары