Эстония, Литва және Латвия Еуроодақтан шекарасын нығайтуға ақша сұрады

29 қыркүйек 2024 17:00 / Мир
ФОТО: commons.wikimedia.org

Эстония, Литва және Латвия Еуроодақтан Ресей Федерациясымен және Беларусьпен шекараны нығайту үшін ақша сұрайды. Балтық елдері «Балтық қорғаныс сызығы» жобасы аясында Ресей және Беларусь шекараларында бункерлер, қоршаулар мен әскери қоймалар салуға қаржылық қолдау көрсету үшін Еуропалық Одаққа жүгінуге ниетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қорғаныс желісін құру қажеттілігі қазіргі қауіпсіздік жағдайынан туындап отыр», - деді Эстонияның қорғаныс министрі Ханно Певкур, Латвия, Эстония және Литва шекараларын қосымша нығайту НАТО-ның жаңа қорғаныс тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Сонымен бірге Эстония Қорғаныс министрлігінің басшысы бұл мәселеде Польшамен іс-қимыл үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Балтық елдері «қорғаныс сызығын» құру жоспарын қаңтар айында жариялады.

Мамыр айында Польша «Шығыс қалқаны» деп аталатын ұқсас жобаны жариялады.

Серіктес жаңалықтары