Еуропол: Ұзақ іздеуде жүрген мафиози Марко Радуано ұсталды
Еуропол тізіміндегі жан-жақты іздеуде жүрген мафиози Марко Радуано қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Айтуларынша, қылмыскер Корсика аралында көңілдесімен бірге келген қымбат мейрамхананың маңында ұсталған.
2023 жылы Апулиядағы мафиялық топтың басшысы Италиядағы ең күшті күзетілетін колониядан қашып кеткен. Оның жоғалып кеткені екі сағаттан кейін, кітапханадан оралмаған кезде ғана анықталды.
Италиядағы Радуано түрлі қылмы, соның ішінде қылмыстық ұйымға қатысу, есірткі саудасы және заңсыз қару сақтау үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Прокуратураның айтуынша, оның қылмыстық тобы агрессия мен зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейімен сипатталады, мысалы, «ізін қалдырмас үшін мәйіттерді шошқаларға жегізіп келген».
Europol Радуаноны топтағы басты тұлға және аяусыз қанішер деп санайды.
Операция кезінде «Радуаноның оң қолы» Джанлуиджи Трояно да ұсталды.
Ол үй қамауынан қашып, 2021 жылдан бері жасырынып жүрген еді.