Гамбургте Хэллоуин кезінде жүздеген адам бүлік шығарды
Гамбургте Хеллоун мерекесі кезінде тәртіпсіздіктер болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Гамбург полициясының қаланың оңтүстік ауданында бірнеше жүз адамға қарсы су атқыштарын қолдануына тура келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
Алғашында қаланың оңтүстік ауданына 200-ге жуық адам - басым бөлігі жастар жиналса, кейін олардың қатары 300-350-ге жетті. Жиналғандар полицияның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан тарамаған.
Полицияның хабарлауынша, тәртіп сақшыларына петарда лақтырылған, ал полицейлер жиналғандарды ығыстырып, су атқыштарын қолданған.
Сонымен қатар, біразы қамауға алынды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қаланың тағы бір бөлігінде 50-ге жуық жас петарда атып, дүкен терезелерін сындырып, қоқыс контейнерлерін өртеп жіберген.