Газа секторына алғашқы гуманитарлық көмек келді
Газа секторына Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы алғашқы гуманитарлық көмек кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мысырдан секторға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар мен азық-түлік тиелген жиырмаға жуық жүк көлігі кірді, Бақылау бекеті жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де ашылды, деп жазады The Jerusalem Post.
АҚШ-тың Израильдегі елшілігінің хабарлауынша, шетелдік азаматтар Газа секторынан ашық өткізу пункті арқылы шыға алады.
Израильдік Yedioth Ahronoth басылымының хабарлауынша, Рафах сағат 16.00-де қайтадан жабылуы мүмкін.
CNN бұған дейін Мысыр президенті Абдель-Фаттах ас-Сиси мен АҚШ президенті Джо Байденнің Газа секторына гуманитарлық жүк жөнелту туралы келісімге келгенін, егер олар кешіктірілсе немесе Хамас лаңкестік ұйымының содырлары тәркіленсе, жеткізілім дереу тоқтатылатынын баса айтқан болатын.