Газадағы бітім ұзартылды, ХАМАС 11 адамды босатты
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім 2 күнге ұзартылып, тағы 11 адам босатылды, қатарында шетел азаматтары да бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Euronews жария етті.
ХАМАС дүйсенбі күні тағы 11 адамды бостандыққа жіберді, олардың 3-еуі Франция, 2-еуі Германия және 6-ы Аргентина азаматтары. Бұл туралы соғысушы тараптар арасындағы келіссөздерде делдал болған Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдеді.
Израиль босатқан тұтқындар арасында кәмелетке толмаған 30 бала және 3 әйел бар.
Израиль мен ХАМАС арасындағы сейсенбі күні аяқталған бітім тағы екі күнге, бейсенбі күнгі таңғы сағат 7-ге дейін ұзартылды.
Келісім шарттарына сәйкес, жұмадан бастап ХАМАС күн сайын 13 израильдік кепілге алынған әйелдер мен балаларды, ал Израиль 39 палестиналық тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен жасы 19-ға толмаған жастарды түрмеден босатады.
Израиль үкіметінің өкілі Эйлон Леви журналистерге еврей мемлекетінің билігі ХАМАС-қа Газа секторындағы бітімгершілікті ұзарту мүмкіндігі ашық екенін ескерткенін айтты.
ХАМАС қамауға алған 240-қа жуық тұтқынның 73-і босатылды. Кепілге алынған әрбір 10 адам үшін бітімгершілікті бір күнге ұзартуға келісе отырып, Израиль бұрынғыша ХАМАС-тың әскери мүмкіндіктерін жоюға ниетті екенін білдірді.
Дүйсенбі күні Египет пен Газа секторы арасындағы Рафах шекарасы арқылы гуманитарлық жүк көліктерінің кіруі жеделдеді. Жексенбі күні жүк көліктері алғаш рет солтүстік секторға келді.
Әлі де ХАМАС содырларының бақылауындағы анклавқа көмек ағынының тоқтауы бітімгершіліктің аяқталғанын білдірмек.