Иран Махса Аминидің отбасына Сахаров сыйлығын алуға жібеормей жатыр
Иран Махса Аминидің отбасына Сахаров сыйлығын алуға жібеормей жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еуропарламенттің Андрей Сахаров атындағы «Ой еркіндігі» сыйлығы қайтыс болғаннан кейін берілген ирандық күрд әйел Махса Аминидің туыстары марапатты алу үшін Ираннан шыға алмайды.
Аминидің ата-анасы мен оның ағасы визасы болғанына қарамастан, ұшаққа отыруға рұқсат етілмеді және олардың төлқұжаты тәркіленді, деп хабарлады отбасының Франциядағы адвокаты.
Енді марапатты отбасы атынан Парижде жүрген заңгер Салех Никбахт қабылдайды.
Еуропарламент басшысы Роберта Метсола Теһранды өз шешімінен бас тартуға шақырып, отбасы келесі сейсенбіде Страсбургте «Сахаров сыйлығын Иранның батыл әйелдерімен бірге алуы керек» деп күтетінін атап өтті.
«Шындықты жасыру мүмкін емес», - деп атап өтті Роберта Метсола.
Еске салсақ, Махса Амини 2022 жылдың 16 қыркүйегінде «орамалын орынсыз» киген деген айыппен моральдық полиция ұстағаннан кейін қайтыс болды. Оның туыстары Амини полицияның қатыгездігінен қайтыс болғанын айтады. Тегеран билігі мұны жоққа шығарады. Махсаның өлімі бүкіл Иранда «Әйел, өмір, бостандық!» ұранымен жаппай наразылық тудырды.