Иран мен Израиль келісімге келеді

24 маусым 2025 10:09 / Мир

Иран мен Израиль келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті. Ақ үй басшысының айтуынша, атысты тоқтату туралы мәміле 24 сағаттан кейін күшіне енуі тиіс. Осылайша, 12 күнге созылған Таяу Шығыстағы соғыс аяқталады.

Оның айтуынша, Иран бірінші болып шабуылды тоқтатады. Ал, Израиль өз кезегінде уәдесін 12 сағаттан кейін барып орындайды. Қалай болғанда да, Трамп бір тәуліктен кейін әлем елдері қанды қырғынның ресми түрде біткеніне куә боларын айтты. Сондай-ақ, жауласқан екі ел басшысына қайсарлық, батылдық және даналық танытқандары үшін алғыс білдірді.

Екі елдің бітімге келуіне Катар делдал болған. Дональд Трамп Катар әміріне Израиль атысты тоқтатуға келіскенін айтып Дохадан Тегеранды да солай көндіруге көмектесуін сұраған.

Серіктес жаңалықтары