Иран жаңа көшбасшы жараланғаны туралы қауесетке жауап берді
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменейдің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті ел президентінің ұлы жоққа шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Моджтаба Хаменейдің жараланғаны туралы ақпараттан кейін президенттің кеңесшісі әрі ұлы Юсеф Пезешкиан жаңа сайланған жоғарғы жетекшінің денсаулығын сұрастырған.
«Моджтаба Хаменей мырзаның жараланғаны туралы хабарды естідім. Достарыммен байланыстым, жағдайын сұрадым. Құдайға шүкір, ол сау және ешқандай мәселе жоқ», – деді ол.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Иран билігіне жаңа жоғарғы жетекші келді. Бұл лауазымға қаза болған билеуші Али Хаменейдің екінші ұлы – 56 жастағы Моджтаба Хаменей сайланды.
Сонымен қатар, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жоғарғы жетекшіге көңілі толмайтынын айтқан еді.