Мәскеу маңында мешітке келушілерді әскери комиссариатқа ұстап апарды

23 қазан 2023 15:00 / Мир

Мәскеу маңында мешітке келушілерді әскери комиссариатқа ұстап апарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицейлер Мәскеу облысының Котельники қаласындағы мешітке жұма намазы кезінде рейд жүргізіп, одан кейін сол жерде ұсталған ер азаматтарды әскери комиссариатқа тексеруге алып барған.

Олардан Ресей армиясында қызмет ету туралы келісімшартқа отыруды талап еткен.

Бұл туралы ұсталғандардың бірі, «Перепой звезду» шоуына қатысуы арқылы танымал Мамут Үсеинов айтты.

Ол Балашихадағы келісімшарттық сарбаздарды қабылдау пунктінен видеоға түсіріп алған, сол жерге адамдарды құжаттарға қол қоюға алып келген.

Сонымен бірге, Үсеиновтың айтуынша, оның өзі ештеңеге қол қоймаған және медициналық тексеруден өткізуді талап еткен.

Айтуынша, ол 2014 жылы Ресей төлқұжатын алған, ал 2022 жылдың қыркүйегінде ота жасатқан, сол себепті оны әскери қызметке жарамды деп санауға болмайды.

Ресей Мемлекеттік думасының қорғаныс істері жөніндегі комитетінің мүшесі Виктор Соболев полицияның мешітке жасаған рейдінің мобилизацияға қатысы жоқ екенін, бірақ болған оқиғаның басқа себебін айта алмады.

Оның сол комитеттегі әріптесі Дмитрий Кузнецов, өз кезегінде, Ресей армиясында қызмет ету «мигранттарға мәжбүрлі міндет» және Ресей Федерациясындағы өмірге «бейімделудің жақсы мүмкіндігі» деп атады.

Автор
Серіктес жаңалықтары