Мексиканы тұңғыш рет әйел президент Клаудия Шейнбаум басқарады
Биліктегі «Ұлттық жаңғыру қозғалысы» (MORENA) партиясының өкілі және Мехико қаласының бұрынғы мэрі Клаудия Шейнбаум алдын ала санау қорытындысы бойынша 57,32 пайыздан астам дауыс жинады, дейді Мексиканың Ұлттық сайлау институты (INE), - деп хабарлайды Arbat.media.
Шейнбаумның ең жақын қарсыласы, «Мексика үшін күш пен жүрек» оңшыл партияларының альянсынан Хочитл Галвес алдын ала мәліметтер бойынша 29,86%, үшінші үміткер Хорхе Альварес Мэйнс 10,46% дауыс алды.
Клаудия Шейнбаум гендерлік зорлық-зомбылық кең таралған Мексика тарихындағы тұңғыш әйел президент болады.
61 жастағы Шейнбаум Еуропадан қашып кеткен еврей иммигранттарының немересі.
2000 жылдардың басында ол Мехико қаласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі хатшысы болды.
2018 жылы Мехико қаласының мэрі болып сайланды.