Мектепте атыс болып, екі оқушы қаза тапты
19 тамыз 2026 13:18 / Мир
Филиппиннің Замбоанга қаласында мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаза болғандардың бірі — шабуыл жасаған оқушының өзі. Бұл туралы елдің Ұлттық полициясы мәлімдеді
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға Замбоанга қаласындағы университетке қарасты орта білім беру мекемесінде болған. Полицияның дерегінше, 9-сыныпта оқитын жеткіншек сыныпқа қарумен кіріп, оқ жаудырған.
Шабуыл салдарынан 10 жастағы оқушы көз жұмған. Оқиға кезінде тағы екі бала жарақат алған.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, атыс жасаған оқушы да қаза тапқан. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге нақтыланған жоқ.
1 қазан 2026 13:15 / Мир
Flydubai ұшағы Сауд Арабиясына шұғыл қонды
30 қыркүйек 2026 14:25 / Мир
Flydubai ұшағындағы жанжалға қатысты жаңа мәлімет айтылды
29 қыркүйек 2026 12:18 / Мир
Өзбекстанда 5 жастағы қызды балабақша қызметкері зорлаған
29 қыркүйек 2026 11:21 / Мир
Табиғи апаттан 21 адам қаза тапты
29 қыркүйек 2026 9:30 / Мир
Мұнай бағасы өсті
28 қыркүйек 2026 17:12 / Мир