«Монтаждап жатқанда жыладым». Мстислав Чернов «Мариупольдегі 20 күн» фильмі туралы
«Мен монтаждап жатқанда жыладым» - Мстислав Чернов «Мариупольдегі 20 күн» фильмі туралы осылай деп айтты. Associated Press-тің украиндық видеожурналисті Мстислав Черновтың «Мариупольдегі 20 күн» фильмі «Үздік деректі фильм» ретінде "Оскар" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Біз Черновпен марапаттау рәсіміне дейін сұхбат бердік, міне, фильмнің түсірілімі туралы ол былай деді: 💬
"Жиырмасыншы күні біз қоршудан шыққан укезде менде шамамен 30 сағаттық видео болды. Кетіп бара жатқанда өзімізді кінәлі сезіндік. Қайтсек те бірдеме істеуіміз керек деген ой тұрды. Содан фильм түсіру идеясы келді. Фильмде көрсеткіміз келгеннің тек бір пайызы ғана болса керек. Көргеніміздің бәрін ұсынсақ, адамдар экраннан түңіліп кетуі мүмкін. белгілі бір теңгерімді сақтап қалу керек болды: ақиқатты да ашып, көрерменді де жоғалтпай. Мен түсіріп жатқанда жыладым. Монтаждағанда жыладым. Кинотеатрдан көргенде жыладым. Яғни бейжай қалдырмайды. Жүректі сыздатады. Бірақ бізді адам ететін де осы. Көптеген ресейліктердің орыс шапқыншылығын ақтап алу ниетінің енді күл-талқаны шығады деп үміттенемін. Сол кезде осы фильмді көреді. Тап қазір көрсе, ештеңе істемейді. Сол баяғы таз қалпындағы әңгімелерін айтумен болады : "бұл фейкньюс", "бәрі өтірік", "бұның бәрі актер" деген. Дегенмен уақыты келеді. Бұл фильмнің өз күні туады".