Навальныйдың мариупольдік аттасы экстремистер тізіміне енгізілді

7 қазан 2023 13:00 / Мир

Навальныйдың мариупольдік аттасы лаңкестер мен экстремистер тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украина азаматы Ирина Навальная Росфинмониторингтің лаңкестер мен экстремистер тізіміне енген. Бойжеткенге Донецкіде теракт дайындады деген айып тағылып отыр.

Ресей шабуылы басталғаннан кейін Ирина анасымен Мариупольді тастап кеткен. Донецк арқылы кетіп бара жатқан бойжеткен "сүзгіден" өткізіліп, қатал тексеруге тап болды. Тергеушілерді бәрінен де оның оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың туысы ма деген сұрақ қызықтырды. Ирина онымен тек қана аттас екенін айтып, соңында босатылыпты. 

Бірақ Иринаның әжесі басып алынған Мариупольде қалып қалған. Қыз әжесіне оралғысы келіп, бірақ оны жолда ұстап алды дейді Навальнаяның анасы.

Кейінірек туыстарына Иринаға теракт дайындады деп айып тағылғаны хабарланды.

Тергеушілердің айтуынша, ол басып алынған аумақтағы «референдумды» бұзуды көздеп, жергілікті «әкімшілік» ғимаратының жанына жарылғыш зат қоюды жоспарлаған.

Ирина бір жылға жуық уақыттан бері Донецктегі тергеу изоляторында отыр.

Автор
Серіктес жаңалықтары