Нобель сыйлығын алған химик ғалымдар белгілі болды

4 қазан 2023 17:33 / Мир

Биыл Нобель сыйлығын химия саласы бойынша кванттық нүктелерді ашуға және синтездеуге қатысқан үш ғалым иеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Америка ғалымдары Мунги Бавенди мен Луис Брюс, сонымен қатар ресейлік Алексей Екимов (1999 жылдан бері АҚШ-та, Nanocrystals Technology Inc компаниясында жұмыс істейді) лауреат атанды.

Бұл туралы ВВС хабарлайды. 

Марапат «кішкентай екені сонша, көлемін сипаты анықтайтын кванттық нүктелерді ашқаны және синтезі» үшін тағайындалды.

Лауреаттардың есімі Нобель комитеті ресми жариялағанға дейін бірнеше сағат бұрын баспасөз бетіне шығып кетті: қатарынан бірнеше шведтік БАҚ Швециялық Корольдік ғылым академиясы қателесіп жіберген электрон хатты жариялады.

Содан кейін көп ұзамай ғылым академиясының өкілдері Reuters басылымына биылғы жылдың химия бойынша сыйлығы кімге табысталатыны әлі шешілмегенін хабарлады.

«Бұл — Швеция Корольдік ғылым академиясының қателігі. Біздің жиналыс Орталық Еуропа уақытымен 9:30–да (Гринвич бойынша 7:30) басталады, әлі шешім қабылданған жоқ. Жеңімпаздар анықталмады», — деп мәлім етті Нобель комитетінің химия саласы бойынша өкілі Джоан Аквист.

Академия сайтында да баспасөз релизі болған жоқ.

Нобель сыйлығы туралы ақпараттың ерте тарап кетуі сирек кездеседі: марапатты тағайындайтын түрлі академиялар жариялағанға дейін лауреаттардың есімі құпия болып қалу үшін бар күшін салады, ал номинанттар тізімі жеңімпаз анықталғаннан кейін 50 жыл ішінде жасырын сақталады.

Нанобөлшектер мен кванттық нүктелер жарықдиодты лампалар пен теледидар экрандарында, сондай-ақ қатерлі ісік жасушаларын жою кезінде хирургтар пайдаланады, делінген мәлімдемеде.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары