Ольга Харлан: Ресей спортшыларына Олимпиадада орын жоқ
Ресей Федерациясының спортшыларына Олимпиадада орын жоқ, деді украиналық семсерші Ольга Харлан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украинадағы ең атақты спортшылардың бірі, семсерші Ольга Харлан ХОК-тың Ресей мен Беларусь спортшыларын бейтарап тумен Олимпиада ойындарына жіберу туралы шешіміне қарсы шықты.
Оның айтуынша, Париждегі ойындар «Ресей Федерациясы үшін тағы бір трамплинге» айналмауы керек.
"Үлкен соғыста 370-тен астам украин спортшы қаза тапты. Ресей басқыншылары Украинаның тоғыз қаласын толығымен қиратты. Ресей Украинаның бейбіт қалаларына 3 мыңнан астам зымыран атқылады. Осыдан олар адам өлтіруші генералдардан орден алатын адамдардың әлемдегі спорт элитасына жақындауына қақысы жоқ", - деп жазды ол.
Спортшының айтуынша, ол бұндай масқара шешімді жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ниетті.
Желтоқсанның 8-і күні Халықаралық Олимпиада комитеті Ресейден сегіз спортшы мен Беларусь төлқұжаты бар үш спортшыға жарысқа қатысуға рұқсат беретінін хабарлады.
Париждегі Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.