Жолаушылар автобусы өртеніп, 28 адам қаза тапты
14 қазан 2026 10:25 / Мир
Танзанияның шығысында жолаушылар автобусы ағаш тиелген жүк көлігімен соқтығысып, өртенген. Апаттан кемінде 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 9 қазанға қараған түні Морогоро — Дар-эс-Салам тасжолының Мкамбарани аумағында болған. Автобус Дар-эс-Саламнан Мбея қаласына бара жатқан.
Өңірлік өрт сөндіру және құтқару қызметі басшысының міндетін атқарушы Джозеф Мвасабеджаның айтуынша, қарсы бағыттағы жүк көлігі өзге көліктерді басып озуға әрекеттенген кезде автобуспен соқтығысқан. Соққыдан кейін автобус отқа оранып, толық жанып кеткен.
Жараланғандардың бір бөлігі ауруханаға жеткізілген. Агенттік ақпарат жариялаған кезде олардың нақты саны әлі анықталмаған еді.
14 қазан 2026 10:25 / Мир
Жолаушылар автобусы өртеніп, 28 адам қаза тапты
13 қазан 2026 9:30 / Мир
Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
12 қазан 2026 16:25 / Мир
Непалда су тасқыны екі ауылды қиратып, бес адам жоғалып кетті
12 қазан 2026 15:19 / Мир
Алтынды ұлтарағының астына жасырып өтпек болған адам ұсталды
12 қазан 2026 11:15 / Мир
Хуситтер Эр-Рияд әуежайына зымыранмен соққы жасады
9 қазан 2026 11:30 / Мир