Непалда су тасқыны екі ауылды қиратып, бес адам жоғалып кетті
12 қазан 2026 16:25 / Мир
Непалдың орталық бөлігіндегі Горкха ауданында су тасқыны болып, бес адам із-түзсіз жоғалды. Табиғи апаттан екі ауыл толық қирап, бірнеше көпірді су шайып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тасқын салдарынан 204 үй зардап шеккен. Апат 650-ден астам тұрғынға әсер етіп, елді мекендерге елеулі зиян келтірді. Көпірлердің қирауы ауылдар арасындағы қатынасты да қиындатқан.
Тасқынның нақты неден басталғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжамдардың біріне сәйкес, өзен арнасы бітеліп, жиналған су кейін төмен қарай лап қоюы мүмкін. Мұздықтың опырылуы да ықтимал себептердің қатарында қарастырылып отыр.
12 қазан 2026 16:25 / Мир
Непалда су тасқыны екі ауылды қиратып, бес адам жоғалып кетті
12 қазан 2026 15:19 / Мир
Алтынды ұлтарағының астына жасырып өтпек болған адам ұсталды
12 қазан 2026 11:15 / Мир
Хуситтер Эр-Рияд әуежайына зымыранмен соққы жасады
9 қазан 2026 11:30 / Мир
Өзбекстан оба ауруына қарсы дайындықты күшейтті
9 қазан 2026 10:15 / Мир
"Қырғызстанда тағы бір шенеунік түрмеге қамалды»: Тәшиев себебін түсіндірді
9 қазан 2026 9:54 / Мир