Оңтүстік Африканы қар басты, кейбір аймақта қар биіктігі екі метрге дейін жетті
23 қыркүйек 2024 14:23 / Мир
Оңтүстік Африканы қар басып жатыр, кейбір аймақта қар үйіндісі екі метрге жетті. Оңтүстік Африкада ерекше қалың жауған қар жолдарда хаос тудырды – елдің солтүстік-шығысында көлік кептелісі пайда болды, көптеген автокөлік жүргізушілері көлігінде түнеуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, 39 жастағы әйел суықтан үсіп, ауруханада көз жұмды.
Ауа райының қолайсыздығынан көлік жолда тұрып қалғандықтан, ол басқа жолаушылармен шағын автобуста түнеуге мәжбүр болды.
Орталық Оңтүстік Африканың кейбір аудандарында қыста қар жауғанымен, әсіресе жылдың осы уақытында қалың қар сирек түседі.
Метеорологтар жауын-шашын әлі де сақталады деп болжап отыр.
13 тамыз 2026 18:19 / Мир
Ливан өлім жазасын жойған Таяу Шығыстағы алғашқы ел болды
13 тамыз 2026 16:15 / Мир
Ер адам әйелі мен алты баласын атып, үйін өртеп жіберген
12 тамыз 2026 9:28 / Мир
Колумбиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 254-ке жетті
11 тамыз 2026 17:13 / Мир
Танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды
11 тамыз 2026 14:20 / Мир
Филиппинде нөсер жауыннан лай көшіп, 10 адам қаза тапты
11 тамыз 2026 12:18 / Мир