Пәкістан Үндістанмен соғысты “қауіпті” деп бағалады
Пәкістан Үндістанмен арадағы шиеленістің ушығуы ядролық державалар үшін өте қауіпті екенін ескертті, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 7 мамырға қараған түні ҮндістанҚорғаныс министрлігі Пахалгам қаласындағы терактке жауап ретінде «Синдур»операциясын жүргізіп, Пәкістан аумағындағы «террористік инфрақұрылымдарға» соққы бергенін мәлімдеді. Операция барысында Пәкістанның әскери нысандарына шабуыл жасалмағаны айтылды.
Алайда Пәкістан тарапы Үндістан бес елді мекенге соққы жасап, 31 адам қаза тауып, 57 адам жараланғанын мәлімдеді. Исламабад жауап қайтару құқығын өзінде сақтайтынын жеткізді.
22 сәуірде Кашмирде болған теракттен кейін аймақтағы ахуал шиеленіскен еді. Үндістан Пәкістанның барлау қызметін айыптаса, Исламабад бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Сенбі күні екі ел арасында атысты толық тоқтату туралы келісім жасалды.