Ресей Украинаның оккупацияланған аумақтарына cубсидияны көбірек бөледі

5 қазан 2023 20:05 / Мир

Ресей билігі Ресейдің көптеген облыстарына қарағанда, Украинаның оккупацияланған аумақтарына федералды бюджеттен көбірек субсидия бөледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW жазады.

Мысалы, жыл басынан бері «ДХР» және «ЛПР» деп аталатындар, сәйкесінше, 150 миллиард рубль және 110 миллиард рубль жұмсады.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Шешенстанға 44 миллиард рубль бөлінді.

Мәскеу тудырған соғыс Ресейге ақшалай түрде қанша шығын әкелетінін толық есептеу қиын.

Санкциялар мен көптеген батыс компанияларының елден кетуі 2022 жылы Ресей ЖІӨ-нің 2,1 пайызға төмендеуіне әкелді. шамалап болжау үшін Ресей Федерациясының 2024 жылға арналған федералды бюджетінің соңғысын қарасақ,  онда жалпы 36,6 триллион рубль шығыстың 10,8 триллион рублі қорғанысқа, 3,5 триллион рублі ұлттық қауіпсіздікке, 11,1 триллион рублі құпия заттарға жұмсалады, оның бір бөлігі де болжам бойынша соғысқа қатысты.

DW инфографикасы:

Автор
Серіктес жаңалықтары