Ресейде соғысқа жұмыссыздар мен мигранттарды тарта бастайды

3 қараша 2023 17:00 / Мир

Ресей шенеуніктеріне Украинадағы соғысқа жұмыссыздар мен мигранттарды тарту тапсырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Ресей президентінің Орталық федералдық округтегі өкілінің кеңсесі аймақтық шенеуніктерге соғысқа адам тартудың нәтижелері туралы апта сайын есеп беруді тапсырды.

2023 жылдың 3 қазанында жергілікті билікке тиісті хат жіберілді және оны "Важные историй" басылымының қолына түскен.

Оған келісімшартпен Украинадағы шайқасқа баруға келіскендер туралы мәліметтерді жазуға арналған кесте қосылды.

Құжатта бірінші кезекте жұмысқа қабылдануы тиіс адамдардың 22 санаты айтылған.

Олардың ішінде: банкрот, борышкерлер, жұмыссыздар, азаматтық алуға өтініш білдірген немесе депортациялауға жататын шетелдіктер, сотталғандар және сотталу мерзімі бітпеген адамдар бар.

Серіктес жаңалықтары