Ресейде «вагнершіл» екі әйелмен бірге үйді өртеп жіберген

3 қазан 2023 21:29 / Мир

Ресей Федерациясында екі әйелмен бірге үйді өртеп жіберген соғыстан оралған «вагнершіл» ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Краснояр өлкесінің Ермаковское ауылында «Вагнер» ЖӘК-ның бұрынғы мүшесі ұсталды. Ол 3 қазанға қараған түні екі әйел болған үйді өртеп жіберді деген күдікке ілінген. Әйелдер қайтыс болды.

Бұл бұрынғы "вагнершілдердің" жасаған бірінші мұндай қылмысы емес.

БАҚ 1 қазанда Липецктегі бұрынғы жалдамалы әскер әйелінің төрт жасар қызын өлтіргенін хабарлаған болатын.

Сүйген қызын өлтіріп, денесін еттартқыштан өткізген Пермь облысының тұрғыны «Вагнер» ЖӘК-мен келісімшарт арқасында майданнан оралған соң рақымшылыққа іліккен.

Краснояр өлкесінде тоғыз жасар баланы өлтіргені үшін түрмеге жабылған "вагнершіл" кешірім алып, қылмыс жасаған ауылына қайта оралған болатын.

Автор
Серіктес жаңалықтары