Рим Папасы қашан жұмысына кіріседі?
Рим Папасы 18 мамырда қызметіне кіріседі, деп хабарлайды Arbat.media.
Жаңадан сайланған Рим папасы 18 мамырда ресми түрде өз қызметіне кіріседі. Сол күні Роберт Превоны ұлықтау рәсімі өтеді. Салтанатты іс-шараға түрлі елдерден жоғары деңгейдегі меймандар қатысады.
Ұлықтау рәсіміне дейін жаңадан сайланған понтифик халықаралық журналистермен, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу өткізуі тиіс.
Ватикан "Рим папасы Франциск 21 сәуірде өзінің резиденциясында көз жұмды" деді. Франциск (шын есімі Хорхе Марио Бергольо) Рим папасы болып, 2013 жылы наурызда сайланған. Ол денсаулығына байланысты тақтан түскен XVI Бенедиктті алмастырған еді.
Ақпанның ортасында Рим папасы Франциск бронхит диагнозымен ауруханаға түскен еді. Кейін денсаулығы нашарлап, пневмония анықталған. Оны бірнеше рет жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.