Сарапшы: Ресей ХАМАС-қа зымырандар жеткізіп жатыр

11 қазан 2023 11:30 / Мир

Неміс сарапшысы Ребекка Шёненбах Ресей ХАМАС-қа зымырандар жеткізіп, ақшасының ізін жасырып жатыр деген мәлімдеме жсады, - деп хабарлайды Arbat.media.

BILD басылымына берген сұхбатында Германияның исламшылдық және терроризмді қаржыландыру жөніндегі жетекші сарапшыларының бірі Ребекка Шёненбах осылай деп айтты.

Оның айтуынша, ХАМАС-тың негізгі демеушілері – Тегеран мен Доха.

«Иран исламдық жиһад пен Хамас сияқты лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп, жылына шамамен 100 миллион доллар бөледі. Сондай-ақ Катар айына 30 миллион долларға дейін аударады деген дәлелдер бар».

Хамастың үшінші маңызды серіктесі – Ресей.

«Ол Иранды қатты қолдайды және әлемнің оңтүстігіндегі демократияларға қарсы диктатуралардың қозғалысына бәс тігуде», - дейді Шененбах.

Соңғы жылдары Ресей үкіметінің өкілдері мен ХАМАС басшылығы арасында бірнеше кездесулер өтті. Ресей Иранға да, Хамасқа да ақша және қару-жарақ беріп, көлеңкеде үлкен рөл атқарады» деді.

Сарапшының айтуынша, палестиналық содырларға Ресей мен Иранның зымырандары Сирия арқылы жеткізіліп жатыр.

Ал Дубайда Ресей мен Иранның агенттері бірігіп ақшасының ізін жасырып, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру үшін де.

Автор
Серіктес жаңалықтары