SW: Ресей ЕО пен АҚШ-тан жүздеген млн еуролық санкцияланған тауар импорттайды
Ресей Еуропалық Одақ пен АҚШ-тан жүздеген миллион еуроны құрайтын санкцияланған тауарларды импорттайды. Бұл туралы Соғысты зерттеу институты (ISW) өзінің күнделікті есебінде жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей санкцияларға қарамастан Еуропадан «қауіпті» тауарларды, соның ішінде қару-жарақ технологиясын шамамен 450 миллион еуроға импорттай алды - 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында.
Bloomberg Ресей Федерациясы санкцияланған тауарлардың төрттен бірін тікелей Еуроодақтан, ал қалғанын үшінші елдер: Түркия, БАӘ, Сербия, Қытай, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Армения арқылы импорттағанын мәлімдейді.
Украинаның Frontelligence Insight тергеу ұйымының мәліметі бойынша, дрондар шығаруға маманданған ресейлік «Арнайы технологиялар орталығы» әлі де америкалық және тайваньдық қос мақсаттағы технологияларды сатып алады.
Мәмілелерді жүзеге асыруға халықаралық делдалдар мен Батыс компанияларының Ресейдегі бұрынғы өкілдері көмектеседі деген болжам бар, деп жазады ISW.