Тейлор Свифттің адвокаттары ұшу ақпаратын жариялаған адамды сотқа берді
Тейлор Свифттің адвокаттары жұлдыздың ұшуы туралы ақпаратты жариялаған адамның үстінен сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Біз студент және IT маманы Джек Суини туралы айтып отырмыз. Ол 2022 жылы Илон Масктың ұшағы қозғалысы туралы мәлімет жариялап танымал болды. Ол кезде Маск Суиниді «кісі өлтіру координаттарын» жариялады деп айыптап, оны сотқа беремін деп қорқытқан. Бірақ рейс туралы деректер жалпыға қолжетімді, Суини оны тек жұртқа көрсетуімен аты шықты.
Тейлор Свифттің жеке ұшағы, Falcon 900 N898TS (3-суретте) Суиниді қызықтырған тағы бір нысан болды. Экологиялық белсенділер поп-диваны тым көп әуе сапарын жасацды деп айыптайды.
Жұлдыздардың экологиялық «күнәлары» туралы әлемді хабардар ету керек, деді Суини.
Сонымен, ол 30 қаңтарда ұшу бағытын жариялады: ұшақ ауаға 8 (!) минутта шықты: 28 мильде 187 литр жанармай жұмсалды - және 0,5223 тонна СО2 шығарылды.
Тейлордың адвокаттары Суиниді «қудалады» деп айыптап, оған құқық шектеуді тоқтату туралы бұйрық берді.