Telegram билікке қылмыскерлердің деректерін беріп отырады — Павел Дуров

24 қыркүйек 2024 12:23 / Мир
Фото: ТАСС

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың мәлімдеуінше, мессенджер тиісті органдардың орынды сұрауы бойынша пайдаланушылардың IP мекенжайы мен телефон нөмірлерін ұсына алады. Ол бұл шара Telegram ережесін бұзушыларға қатысты екенін және қылмыскерлерді мессенджерде ішкі іздеуді теріс пайдаланудан тыю үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біз ережемізді бұзғандардың IP-мекенжайы мен телефон нөмірі заңды талаптарға сәйкес тиісті органдарға берілуі мүмкін екенін түсіндірдік», — деп жазады Дуров өзінің Telegram арнасында, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Ол мессенджердің қызмет көрсету шарттары мен құпиялылық саясатын біркелкілікке жеткізіп, жаңартқанын нақтылады.

Сондай-ақ ол кейбір қолданушылардың заңсыз тауарларды сату үшін Telegram-ның іздеу функциясын теріс пайдаланып жатқанына назар аудартты.

Команда соңғы апталарда бүкіл проблемалық контентті іздеуден алып тастады.

«Соңғы бірнеше аптада арнайы бір топ модератор жасанды интеллект көмегімен Telegram-да іздеу жүйесін әлдеқайда қауіпсіз етті. Іздеу барысында біз анықтаған барша проблемалы материалдар енді жоқ», — деп қосты Дуров.

Ол сондай-ақ пайдаланушыларды заңсыз контент туралы хабарлауға шақырды.

Еске сала кетсек, Telegram мессенжерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияның құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, Telegram қолданушылары туралы жеке басын анықтайтын ақпаратты бере бастады.

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, Павел Дуров 24 тамызда Париждің Ле Бурже әуежайында балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған.

Илон Маск Дуровтың ұсталуын сөз бостандығына кепілдік беретін АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші түзетудің «жарнамасы» деп атады.

Ал Telegram командасы платформадағы қиянат туралы айыптаулардың ақылға қонымсыз екенін айтты.

Еуропалық Politico басылымы Францияда Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ағасы Николай Дуровқа да іздеу жарияланғанын хабарлады.

Судья Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты кепілмен босатты.

Кейіннен Дуров Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсінік берді.

Серіктес жаңалықтары