Тоқаев Бішкектегі әкесінің есімімен аталатын мектепке барды

23 тамыз 2025 13:30 / Мир

Мемлекет басшысы Қырғызстан астанасындағы көрнекті орындарға баруын бүгін де жалғастырды. Ол жазушы, соғыс ардагері, әкесі Кемел Тоқаевтың есімімен аталатын № 33 мектеп-гимназияға да табан тіреді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Биыл 13 мамырда Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясына қазақ жазушысы және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов айтты. Оның айтуынша, бұл бастаманы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көтерген. Жапаров бұл шешімі туралы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ресейде кездескен кезінде айтқан.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында Кемел Тоқаев Фрунзе жаяу әскер училищесінде оқыған. Ал ол оқу орны сол жылдары қазіргі №33 мектептің ғимаратында орналасқан. Дәл осы жерден ол майданға шақырылған», деп хабарлаған қырғыз билігі.

Серіктес жаңалықтары