Трамп Путинмен Будапеште кездеседі
17 қазан 2025 11:21 / Мир
Трамп Путинмен Будапеште кездесетін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бейсенбі күні Ресей басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенін хабарлаған АҚШ президенті Дональд Трамп "айтарлықтай өнімді әңгіме" болғанын жазды.
"Президент Путин мені және АҚШ-ты Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуімізбен құттықтады. Таяу Шығыстағы сәттілік Ресей мен Украина соғысы бойынша келіссөздерімізге көмектеседі деп сенемін" деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Трамптың айтуынша, ол Путинмен бірге "Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін Ресей мен АҚШ арасындағы сауда-саттықты дамыту мәселесін" көп талқылаған.
Әңгіменің соңында олар келесі аптада жоғары деңгейдегі кездесу өткізу жөнінде келіскен.
23 қыркүйек 2026 15:30 / Мир
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымының жаза мерзімі қысқарды
23 қыркүйек 2026 13:20 / Мир
АҚШ-та 8 жастағы баланың өліміне қатысты сот басталды
23 қыркүйек 2026 11:34 / Мир
Түркияда мектеп маңында атыс болып, 11 адам жараланды
23 қыркүйек 2026 10:20 / Мир
Биыл әлем бойынша 690 млн турист шетелде саяхаттаған
22 қыркүйек 2026 18:30 / Мир
Түркияда мектепте атыс болып, 16 адам жараланды
21 қыркүйек 2026 17:14 / Мир