Украина қорғаныс министрінің экс-орынбасары қамауға алынды

7 қараша 2023 12:18 / Мир

Украина қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары 28 миллион еуроға жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
SBU бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасарына күдік келтірді, ол миллиард гривнаға (27,7 миллион еуроға) сапасыз қысқы әскери киім сатып алды деген күдікке ілінді.

СБУ мәліметінше, күдікті 2022 жылы қарамағындағылармен сөз байласып, жеке компаниядан сапасыз әскери киім сатып алған. Украина қарулы күштері бұл форманы пайдалана алмайды, себебі ол суық мезгілде пайдалануға жарамсыз болып шықты.
 
Күдіктінің аты-жөні жарияланған жоқ. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, әңгіме 2021-2023 жылдар аралығында Қорғаныс министрінің орынбасары болған Вячеслав Шаповалов туралы болып отыр.

Ол, сондай-ақ оның сыбайласы делінген Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының міндетін атқарушы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, олар қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары