Үндістанда қазақстандық бапкер 16 жастағы қызға тиісті деген күдікке ілінді
28 қыркүйек 2026 12:15 / Мир
Үндістанның Патиала қаласында қазақстандық бапкерге қатысты кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдік бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 13 қыркүйекте Ұлттық спорт институтының аумағында болған. 16 жастағы велоспортшы полицияға 18 қыркүйекте арыз түсірген.
Тергеу басталғанға дейін күдікті институт аумағынан кетіп қалған. Кейін оның Делидегі спорттық лагерьде болғаны анықталғанымен, ол жерден де ізін суытқан.
Полиция күдіктінің төлқұжатын тәркілеп, оның Үндістаннан шығып кетуіне жол бермеу үшін іздестіру туралы ескерту жариялаған. Қазір оны ұстау үшін арнайы топтар жұмыс істеп жатыр.
Кәмелетке толмаған спортшы медициналық тексеруден өткен. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
11 қараша 2026 15:28 / Мир
Болгарияда 50-ге жуық көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты
11 қараша 2026 10:37 / Мир
Түркиядағы металлургия зауытында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты
10 қараша 2026 18:29 / Мир
Серуен соңы қасіретке айналды: Бір отбасының бес мүшесі қаза тапты
10 қараша 2026 13:30 / Мир
Палестинада қаза тапқандар саны 74 640-қа жетті
10 қараша 2026 11:18 / Мир
Мигранттар мінген қайықтан 12 адамның денесі табылды
9 қараша 2026 14:42 / Мир